Павлодарда пәтерден өрт шықты
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 маусымда сағат 06.03-те өрт сөндіру қызметінің пультіне Гагарин көшесіндегі пәтерде өрт шыққандығы туралы хабарлама түсті.
– Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бес қабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтерде жиһаз бен тұрмыстық техниканың жануы орын алғанын анықтады. Өрт жалпы ауданы алты шаршы метрді құрады. Оқиға орнында жеке құрамның 20 адамы және өрт сөндіру қызметінің бес техникасы мен апаттық-медициналық орталықтың бригадасы жұмыс істеді, – деді департаментте.
Тілсіз жау 06:28-де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.