Павлодарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ілгерілету талқыланды

Павлодарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ілгерілету талқыланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірдің квазимемлекеттік секторы субъектілерінің комплаенс қызметтерімен онлайн және оффлайн форматтарында кездесуі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өңірлік департаменті басшысының бірінші орынбасары Әсет Оспановтың басшылығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсыұйымдастырылған кездесуге 60-тан аса комплаенс-қызметтің өкілі қатысты.

–  Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі аспектілерін талқылады, сондай-ақ бақылаумен мониторингтің тиімді тетіктерін енгізу тәжірибесімен бөлісті, – деп жазды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өңірлік департаментінің басшысы Медет Амралинов Instagram парақшасында.

Қызметкерлердің этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қағидаттары туралы хабардарлығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тәжірибелі комплаенс-офицерлер нормативтік талаптарды сақтау саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасады.

Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Дина Әбелдинова жүктелген міндеттерді дұрыс орындау өңір ішіндегі сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауды қалыптастыруға әсер ететінін атап өтті.

Іс-шара соңында квазимемлекеттік сектор қызметіндегі маңызды кейстерді анықтау бойынша тәжірибе алмасу үшін жұмыс кездесулерінің кестесі анықталды.

Департамент сыбайлас жемқорлыққа тап болған жағдайда дереу хабарлауды және фото/бейнені @antikorkz_bot Telegram-ботына немесе 1424 нөміріне жіберуді сұрайды.