Павлодарда тұрғын үйлердің жартысы сусыз қалды
Ақауды жою жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Әлеуметтік желіде тұрғындардың атынан шүмектен су ақпай жатқаны туралы шағымдары жарияланды. Қала әкімдігінде бұған қатысты түсінік берілді.
– Бірінші көтеру сорғы станциясына электр энергиясын беру бөлігінде туындаған ақаулыққа байланысты сумен жабдықтау қысымы төмендеді,– деді әкімдікте.
«Павлодар Водоканал» ЖШС сорғы жабдығын ауыстырумен және сумен жабдықтау параметрлерін қалпына келтірумен айналысып жатыр. Мамандар сағат 17:00-ге дейін су қысымын қалпына келтіруді жоспарлап отыр.