Павлодарда зейнеткер жаяу жүргіншіні қағып кетті
Зардап шеккен тұрғын ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 5 қараша күні сағат 18:00 шамасында Торайғыров көшесіндегі 83-ші үйге қарама-қарсы орналасқан жаяу жүргіншілер өткелінде орын алған. «Toyota Corolla» автокөлігінің 77 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 1977 жылғы әйел адамды қағып кеткен.
– Салдарынан әйел адам ауруханаға жатқызылды. Көлік айып тұрағына қойылды, – дейді департаментте.
Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Еске сала кетейік, өткен аптада Ақсу мен Қалқаман арасындағы тас жолда машиналар соқтығысты. Жол апатында 50-ден 58-ге дейінгі бес әйел зардап шеккен болатын. Олардың бірі медициналық тексеруден бас тартты, қалғандары Ақсу қалалық ауруханасына жатқызылды.