Павлодарда жылу жүйелерін сынақтан өткізу мерзімі ұзартылды
Өзгеріс техникалық себептерге байланысты орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодарэнерго» АҚ-ның 2-ЖЭО және 3-ЖЭО-дан қуат алатын жылу желілерін гидравликалық сынақтан өткізуді аяқтау мерзімі 14 тамызға дейін ұзартылды.
- Осы кезеңде жылу желілері өтетін жерлерде абай болуларыңызды сұраймыз. Тестілеу кезеңінде Павлодар қаласының солтүстік желілік ауданындағы үйлерде ыстық су болмайды. Тұрғын үйлерді ыстық сумен жабдықтауға қосу мерзімі анықталған зақымдар санына байланысты болады, - деп хабарлады «Павлодар жылу желілері» ЖШС.
Барлық анықталған ескертулер мен бұзушылықтарды 57-07-51 («ПТС» ЖШС диспетчерлік қызметі); тел. 63-01-13 (жұмыс күндері) телефонына хабарлауды сұрайды.
Сынақтар аяқталғаннан кейін компания анықталған залалды жою кестесін жариялауға уәде береді.