Павлодарда қылмыс саны азайды

Павлодарда қылмыс саны азайды
Фото: ПД

Ол қарақшылық, тонау, автокөлік, мал ұрлығы, интернет-алаяқтықтың төмендеуінен байқалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қалалық полиция басқармасы тоғыз айды қорытындылады. Кеңес облыс департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың төрағалығымен өтті.

- Қабылданған ұйымдастырушылық-практикалық шаралармен қылмыстық құқық бұзушылықты жалпы тіркеу 297 фактіге немесе 11% - ға азайды. Қарақшылық, тонау, автокөлік ұрлығы, мал ұрлығы, интернет-алаяқтықтың төмендеуі байқалады, - деді Павлодар қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мыңбай Асылбеков.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша полицейлер 47 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолын кесті. Оның ішінде қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы хабарламаған 10 азамат жазаланды. Уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына мас күйінде жүрген -12151 адам орналастырылды.

- Жол-көлік оқиғаларының саны 20% - ға немесе 60 фактіге азайды. ЖКО алдын алу мақсатында ағымдағы жылы анықталған кемшіліктерді жоюға тексеру актілерімен 132 нұсқама жіберілді. Жол ережелерін бұзғаны үшін 81 заңды және жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Мыңбай Асылбеков. 

Әрі қарай әр жол бойынша бастық орынбасарларының есептері тыңдалды.

Жасқайрат Қайыров жеке құрамнан жоғары назар аударуды талап ететін алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеп, полиция қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық теріс қылықтары үшін жауапкершілік, сондай-ақ қызметтік тәртіп пен Әдеп кодексінің нормаларын сақтау туралы әңгіме жүргізу бойынша қызмет басшыларына тапсырмалар берді.