Павлодарлық әнші мен жетісулық жазушының достығы өлімнен кейін де жалғасты

Павлодарлық әнші мен жетісулық жазушының достығы өлімнен кейін де жалғасты
Фото: автор

Павлодарда осы достыққа арналған көрме ашылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарға Талдықорғаннан Майра Шамсутдинова атындағы ән және өнер үйіне Ілияс Жансүгіров атындағы әдеби мұражайдан көрме келді. Музей директоры Нұргүл Жауғынбаеваның айтуынша, «Ақынның өшпес мұрасы» көшпелі көрме Павлодарға жауап сапармен келген.

- Өткен жылы Талдықорғанда қазақ жазушысы, публицист, ұстаз Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығы аталып өтті. Салтанатты мерекеге Павлодардан Майра Шамсутдинова мұражай-үйінің көрмесі келді. Бұл екі тұлғаның рухани байланысын білетін шығарсыздар — біздің сапарымыз осы тақырыпқа арналды, - дейді Нұргүл Жауғынбаева.

1909 жылы Майра Шамсутдинова Жетісу облысы Ақсу ауылындағы «Мамания» мектебіне жұмысқа келеді. Ол ән айтуды үйретті. Бір жыл ұстаздық еткен ол Жетісу өңірінің тұрғындарына қоштасу әнімен құрмет көрсетті. Мектеп басшылығы жас Ілияс Жансүгіровке «лайықты жауап бер» деп тапсырма беріп, атақты «Майра апама» поэмасы сол кезде дүниеге келген.

Көрме жазушының жеке заттары, киім-кешектері, ілиястанушылардың еңбектері сияқты 30-ға жуық экспонаттан тұрады. Көрме 18 қыркүйекке дейін жалғасады.