Павлодарлық Аймауытов театры Мәскеуде жүлде жеңіп алды
Театр ұжымына «Үздік ансамбль» аталымы бұйырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәліметінше, бұл – Гран-придан кейінгі екінші жүлде.
Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық музыка-драма театры 26 қазан - 2 қараша аралығында Мәскеу іргесіндегі Мытищи қаласында «Фест» драма және комедия театрының сахнасында өткен «Подмосковные вечера» атты VII Халықаралық театр фестиваліне қатысты. Фестивальдің афишасына Пермь, Мәскеу, Нижний Новгород, Вологда, Челнов, Буинск, Мытищ, Санкт-Петербург, Челябинск, Петрозаводск, Павлодар (Қазақстан) театрларының 13 қойылымы енгізілді.
– Аталған фестивальде театр ұжымы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ұждан» қойылымымен өнер көрсетіп, «Үздік ансамбль» номинациясын ұтып алды. Бұл – Гран-придан кейінгі екінші жүлде, – дейді басқармада.
Фестивальдің ұйымдастыру комитетіне қатысуға барлығы 300-ден астам өтінім түсті. Бағдарламаға спектакльдерді енгізу туралы шешімді ұсынылған бейнежазбаларды қарау және ілеспе ақпаратты зерделеу негізінде сараптамалық кеңес қабылдады. Нәтижесінде плакатқа ең қызықты және қызықты жұмыстар кірді.
Еске сала кетейік, жуырда қазақ театры Мемлекет және қоғам қайраткерi Темiрбек Жүргеновтiң 125 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXIX республикалық фестивалiнде Ш.Құдайбердіұлының «Ұждан» спектаклімен қатысып, «Үздік режиссер» номианциясында жеңіске жетті. Театр ұжымына 1 миллион 500 мың теңге табысталды.