Павлодарлық кәсіпкерлер бизнесін қорғау үшін сотпен келісім шартқа отырды
Проблемалар талқыланып, шешу жолдарын қарастырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Кәсіпкерлер палатасында «Атамекен» мен мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот арасында келісімге қол қойылды. Олар бизнестің құқығын қорғауда бірлесіп жұмыс істейтін болады. Құжатқа палата директоры Ерқанат Әбенов пен сот төрағасы Айтқали Жақыпбеков қол қойды.
– Біз алдағы уақытта палатада бизнес өкілдерімен кездесулер өткізіп, кәсіпкерлердің мәселелерін талқылайтын боламыз. Бұл дөңгелек үстел басындағы кездесулер барысында талқыланады, – дейді Ерқанат Әбенов.
Сот төрағасы кәсіпкерлердің басты мәселелерінің бірі жер дауы екенін айтты.
– Біз бұл келісімге қол қоюға қуаныштымыз, сіздермен тығыз жұмыс істеуге келісеміз. Жер дауларының саны да азайды. Бізге Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасының қолы қойылған хат келіп түсті, онда мұндай даулардың соттылығы экономикалық сотқа қатысты екені анықталды, – дейді Айтқали Жақыпбеков.