Сенбіде Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, 8 қарашада сынап бағанасы күндіз -3...+2 °C-ты көрсетеді. Қар аралас жаңбыр жауып, облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Павлодарда ауа температурасы күндіз 0...+2 °C-қа дейін көтеріледі. Күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады.