Шілденің алғашқы күні Павлодар облысында жаңбыр жауып, екпінді жел тұрады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +15...+20°C болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Күндіз ауа температурасы +28...+33°C-қа дейін көтеріледі. Жаңбыр, найзағай күтіледі, облыстың солтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +16...+18°C болады. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.
Күндіз +30...+32°C. Ауыспалы бұлтты, жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауылды жел күтіледі.