Железин ауданында мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды

Железин ауданында мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жоспар артығымен орындалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ауданда өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде 935 жұмыс орнын құру көзделген, бірақ жалпы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 1055 азаматқа көмек көрсетілді. Іс жүзінде 985 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 105 пайызды құрайды.

– 471 адам бос жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына 37 адам орналастырылды. 180 жұмыссыз адам уақытша қоғамдық жұмыспен қамтамасыз етілді, –деді Железин ауданының әкімі Айтуған Шайхимов. 

Мемлекет басшысының 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын құру тапсырмасы шеңберінде 142 жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу шеңберінде жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 400 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік гранттар есебінен 22 жұмыс орны ашылды.

Бүгінгі күнге дейін ауданға 145 қоныс аударушы және 40 қандас келді, олардың барлығы жұмысқа орналастырылды. Көшіп келгендер жұмыспен қамтудың нысандарына белсенді қатысады.