19 ақпанда Павлодар облысында қолайсыз ауа райы сақталады
Жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы -8...-13°C, облыстың батысы мен солтүстігінде -16°C дейін. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында қар аралас жаңбыр жауып, боран, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман болады.
Күндіз -8...-13°C. Облыстың оңтүстігі мен шығысында қар, боран, оңтүстігінде қалың қар жауады. Солтүстігінде тұман сақталады.
Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с дейін жетеді,
Павлодар қаласында түнде -10...-12°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынды, жаяу бұрқасын, көктайғақ. Күндіз -10...-12°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.