24 ақпанда Павлодар облысының аумағында қатты аяз күтіледі

24 ақпанда Павлодар облысының аумағында қатты аяз күтіледі
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -30…-35°C-қа дейін төмендейді. Ал облыстың оңтүстігінде -25°C болады. Шығысында аздаған қар жаууы мүмкін. Күндіз -22…-27°C. Жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге дейін жетеді.

Павлодар қаласында түнде -30…-32°C, күндіз -24…-26°C болады. Ауыспалы бұлтты.