6 қазанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады

6 қазанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз екпіні 23-28 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +2...+7°C болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын түсіп, тұман болады.

Күндіз ауа температурасы +5...+10°C. Қар аралас жаңбыр, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Павлодарда түнде ауа температурасы +3...+5°C болады. Аспанды бұлт торлап, жауын-шашын болмайды. Күндіз +6...+8°C. Бұлтты, қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасын мен көктайғақ болады.