Екібастұзда төтеншеліктер шағын футболдан кубокты жеңіп алды

Екібастұзда төтеншеліктер шағын футболдан кубокты жеңіп алды
Фото: Константин Шелков

Спорттық жарысқа сегіз команда қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласында ішкі істер органдарының ардагері Қанат Майданұлы Байысовты еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті. Турнирді ардагердің туыстары мен достары ұйымдастырды. 

Спорттық жарыста Екібастұз қаласы ТЖБ командасы және МӨС-2 және МӨС-6 жеке құрамы бақ сынасты. Барлық командалар дене шынықтырудың жоғары деңгейін көрсетті. Көптеген қауіпті сәттер, қызықты ойлар болды.

Жарыс нәтижесі бойынша, бірінші орынды және кубокты Екібастұз қаласы ТЖБ командасы, екінші орынды Павлодар қаласы полиция басқармасының командасы, үшінші орынды Екібастұз қаласы полиция басқармасының командасы иеленді. 

Турнирдің үздік ойыншысы болып Екібастұз қаласы ТЖБ қызметкері Ерсін Оқасов, жарыстың үздік қақпашысы Павлодар қаласының ПБ қызметкері Қанағат Сәдуақасов, үздік қорғаушы номинациясына Екібастұз қаласының ПБ қызметкері Асхат Сатубалдинов ие болды. 

Айта кетейік, жанкүйерлер ойыншыларды белсенді қолдады.