Павлодар ауданында болған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Апат салдарынан жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Алдын ала деректер бойынша, 29 қазанда Павлодар ауданына қарасты Заңғар ауылы маңында «Павлодар – Славгород» автожолында «Мазда-323» маркалы автокөліктің жүргізушісі КамАЗ автокөлігінің тіркемесімен соқтығысқан.
– Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, – деді облыстық полиция департаментінде.
Департамент осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында жол қозғалысына қатысушыларға жол жүру ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауды, әсіресе қозғалысы қарқынды жол учаскелерінде, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жай-күйін үнемі бақылап отыруды ескертеді.