Павлодар облысында әлеуметтік осал отбасыларға терезе блокираторлары беріледі

Павлодар облысында әлеуметтік осал отбасыларға терезе блокираторлары беріледі
Фото: pexels.com

Олар қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жазғы кезеңнің басталуымен облыстық білім беру басқармасы балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты қайғылы оқиғаларды алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз терезе» профилактикалық акциясын іске асыруда. Басты бағыт – кішкентай балаларды тәрбиелеп отырған көпбалалы және әлеуметтік осал отбасылардың пәтерлеріне қорғаныс құрылғыларын орнату үшін әлеуметтік серіктестер мен демеушілерді тарту болды

Акцияны қолдау мақсатында 125 терезе блокираторын ұсынған «Vostok Trade Pro» ЖШС айтарлықтай қолдау көрсеткен. Бұл құрылғылар үй-жайларды желдету мүмкіндігін шектемей, баланың терезеден құлап кету қаупін едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

– Осы құралдар екінші қабаттан жоғары тұратын кішкентай балалары бар отбасыларға орнатылатын болады. Бұл нәрестелердің терезеден құлау қаупін барынша азайтып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, – деді білім басқармасында. – Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығына «Қауіпсіз терезе» акциясын жүзеге асыруға көмектескені үшін және әлеуметтік серіктестерімізге де балалардың қауіпсіздігіне қамқорлық жасап, үлес қосқаны үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Балалар қауіпсіздігі жолында қосқан үлестеріңіз – баға жетпес.

Әр орнатылған құрылғы – қауіпсіздік шарасы ғана емес, балалардың өмірін сақтап қалуға бағытталған нақты қадам.