Павлодар облысында есірткі үшін іздеуде жүрген ер адам Ресейде ұсталды
Ер адам өткізу мақсатынсыз есірткі заттарын заңсыз пайдалану фактісі бойынша қылмысқа қатысқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел уәкілдер Ресей Федерациясының Сургут қаласында жеті жылдан астам уақыт тергеуден жасырынған 47 жастағы ер адамның тұрған жерін анықтап ұстады. Жедел уәкілдер қабылдаған шаралармен бес қылмыскерді ұстаған.
Аталған іс-шаралар 16-20 қазан аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде өткізілді.
– Полиция тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу мақсатында 1000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті: 218-і көші-қон заңнамасын, 242-сі жол жүру ережелерін бұзған, 173-і спирттік ішімдіктер ішкен, 16-сі мас жүргізуші және 46 ұсақ бұзақылық, – деді департаментте.
Полиция барлық тұрғындар мен қонақтарды қырағы болуға шақырады. Тәртіп сақшылары егер құқық бұзушылықтың куәсі болған жағдайда «102» жедел арнасына дереу хабарласуға немесе «Police 102» мобильді қосымшасын пайдалануға кеңес береді.