Павлодар облысында «Jasyl квиз» экологиялық іс-шарасы өткізілді

Павлодар облысында «Jasyl квиз» экологиялық іс-шарасы өткізілді

Қатысушылар ойындар мен тапсырмалар арқылы волонтерлік қызметтің маңыздылығын талқылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Павлодар монтаждау колледжінде «Jasyl квиз» жастарды экологиялық бастамаларға тартуға бағытталған экологиялық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Интерактив форматында өткен кездесу қатысушылар өздерінің көшбасшылық қасиеттерін, әлеуметтік белсенділігі мен кәсіби дағдыларын көрсетті. Іс-шара қызықты форматта болды. Жастар біздің планетамызға қалай көмектесе алатынын білу үшін қызықты сапарға шықты.

Оларды екі кезең күтті. Онда қатысушылар өз білімдерін, шығармашылығын және табиғатқа деген сүйіспеншілігін көрсете алды. 

Іс-шараның басты ерекшелігі –  қарым-қатынас орнатудың, командалық рухты нығайтудың тиімді құралын көрсету, қоршаған ортаның ластану проблемалары туралы хабардарлықты арттыру.  Сондай-ақ, құндылық бағдарларын қалыптастырып, қатысушыларға уақытты тиімді өткізуге көмектесті. Эко-квиз табиғатқа жауапкершілікпен қарауға ынталандырды және экожүйелерді сақтауға ықпал етті.