Павлодарда қазақ балалар жазушысының шығармалары бойынша комикстер байқауы өтеді

Павлодарда қазақ балалар жазушысының шығармалары бойынша комикстер байқауы өтеді
Фото: pexels.com

Айдың аяғында жеңімпаздар анықталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қаңтар айында С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында белгілі қазақ жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары бойынша комикстер байқауын жариялаған болатын. 

– Жұмысты тапсыру мерзімі аяқталуға жақын. Комиксте Бердібек Соқпақбаевтың кез келген сүйікті шығармасына дайын сценарий, атап айтқанда, сахналар, диалог пен кейіпкерлердің іс-қимылдардың жиынтығы болуы тиіс,– деді облыстық кітапханада. 

21 қазан – конкурстық жұмыстарды қабылдаудың соңғы күні. 30 қазанда конкурстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталады. Анықтама телефоны: 8(700) 686-31-99.