Павлодарда ұлттық зергерлік бұйымдар 3D принтермен шығарылуда

Павлодарда ұлттық зергерлік бұйымдар 3D принтермен шығарылуда

Үйлестіруші Алина Темірғалиева мәдениетке жаңалық енгізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ол Торайғыров атындағы облыстық кітапханада орналасқан «Maker Space» жастар қазақ мәдениетін заманауи үлгіде жаңғыртып жатқан шеберхананы көрсетті. Бұл жерде павлодарлықтар негізгі ғылымдарды – инженерия, математика, информатика, физика және т.б. тегін оқи алады.

Бұл кеңістік Қазақстанның бес қаласында, Павлодарда бес жылдан аса жұмыс істеуде. 

Егер бұрын адамдар Maker Space-ке химиялық эксперименттер жүргізуге, роботтарды құрастыруға және подкасттарын түсіруге келсе, қазір үйлестірушілер жаңа бағыт енгізуді ұйғарды. Нақты айтқанда, қазақ мәдениетке заманауи көзқараспен қарап, ұлттық зергерлік бұйымдарды 3D принтермен жасау. Ежелгі заманнан бері зергерлік бұйымдар күміс пен алтыннан, асыл тастарды қосу арқылы жасалса, қазір үйлестірушілер пластмасса жіппен – филаментпен басып шығаруда.

Алина Темірғалиеваның айтуынша, студенттер практикалық жұмысқа кіріспес бұрын теориядан өтеді. Осы мақсатта үйлестірушілер әрбір сабаққа тарихи оқу құралдардағы сенімді мәліметтерді пайдалана отырып, осы зергерлік бұйымдардың шығу тарихы туралы қызықты дәрістер дайындайды.

– Біз балаларға әр зергерлік бұйымдардың, әр ою-өрнектің, әр тастың мағынасын түсіндіріп, еліміздің мәдениет тарихы туралы ақпаратты қызықты форматта жеткізуге тырысамыз. Олардың өздері де қызығушылық танытады. Зергерлік бұйымдарды жасамас бұрын адамның белгілі бір өрнектің немесе композицияның мәні мен мақсаты туралы түсінігі болуы керек, – деді Алина Темірғалиева.

Расында да ою-өрнектің қазақтар үшін ғұрыптық маңызы болған. Оюлар ақпаратты шифрлай алатын арнайы код ретінде қолданылды. Мысалы, бұрын қыз бала тұрмысқа шыққаннан кейін ата-анасына өз қолымен жасаған сыйлықтарын жіберген. Бұл туыстарға арналған хабардың бір түрі болған. Сыйлыққа құстың тұмсығы тігілсе, ол күйеуінің отбасында еркін құстай өмір сүргенін білдіреді. Ал егер сыйлықта бір арық адам және толық адам тігілетін болса, бұл оның некеде бақытсыз болуының белгісі.

Maker Space шәкірттері оюлық шифрлаудың барлық егжей-тегжейлерді ескере отырып, білезіктердің, сақиналардың және салпыншақтардың эскиздерін әзірлеп отырады.

Үлгілер Blender бағдарламасында жасалады. Дизайн сабақтарын графикалық дизайнер және суретші Азамат Амантай жүргізеді. Бір зергерлік бұйымның нобайын жасау үшін бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін уақыт кетеді. Содан кейін эскиз принтер бағдарламасына жүктеледі.

– Бір үлгі 20 минуттан бірнеше сағатқа дейін басып шығарылады. Кейде эскиз өте күрделі болса, түн бойы жұмыс істеуге қалдырып қоямыз. Біз жақында ғана 3D принтерді қолданып бастасақ, Қытайда баяғыдан бері жүрек имплтанты принтермен жасалуда, – деп бөлісті үйлестіруші.

Әшекейлер пластмасса жіптен жасалғандықтан, басып шығарудан кейін жылу мен иілгіштікті сақтап, кез келген қалыпты қабылдай алады. Филаменттің артықшылығы – ол тез қатып қалады, сондықтан өрнектер бұзылмай, бір-біріне жабыспайды.

Азамат Амантайдың айтуынша, мұндай жұмыс үшін әуелі тек қызығушылық болса жеткілікті.

– 3D модельдеу және басып шығару үшін, әрине, адамның шығармашылыққа бейім болса жақсы. Өйткені әшекей бұйымға композиция құрастырғында әсемдікке деген көзқарас болу керек. Бірақ ең бастысы қызығушылық бар болса жеткілікті, – деп қосты дизайнер. – Бізге үлкендер де, балалар да, әртүрлі мамандықтағы студенттер келеді. Күніне 20-25 адам жүреді. Бірақ мектеп оқушыларымен жұмыс істеу оңайырақ, олардың бос уақыты көбірек және жаңа әрі әдеттен тыс нәрсеге деген қызығушылықтары жоғары.

Ежелгі зергерлік бұйымдар курсынан кейін келесі кезекте – домбырашыларға арналған ортеке ойыншығын жасау курсы. Бұл қуыршақ жіптермен домбырашының қолына ілінеді. Ол да 3D принтерде басылып шығады.

Фото: автор