Павлодарда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Жәрмеңкеге 150-ге жуық жұмыс іздеуші қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласындағы «Мансап» орталығында 13 жұмыс берушінің қатысуымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Бұл іс-шара жұмыссыз азаматтарға, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға, сондай-ақ алимент бойынша берешегі бар адамдарға арналған.
Жәрмеңкеге 140-тан астам жұмыс іздеуші қатысты. Жәрмеңке барысында аталмыш орталықтың филиалы көрсететін мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бос орындар жәрмеңкесі қорытындысы бойынша шамамен 40 азаматқа жұмысқа жолдама берілді.