Павлодарда мүгедектігі бар балаларға арналған жаңа жаттықтырғыш орнатылды

Павлодарда мүгедектігі бар балаларға арналған жаңа жаттықтырғыш орнатылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құрылғы церебралды сал ауруы бар балалардың алғашқы қадамын жасауына мүмкіндік береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодардағы «Болашақ» даму орталығында мүгедектігі бар балалардың алғашқы қадамын жасауына көмектесетін маңызды құрылғы – жүріс имитаторы орнатылды.

«Алтын бата» қорының мәліметінше, бұл бастамаға церебралды сал ауруы (ЦСА) бар балаларға көмектесетін «Кемеңгер Қазақстан» жастарының тобы – Мирас Ахметқалиев, Сәуле Мэлс, Әсемгүл Омарова, Әсел Мұхамбетқали және Марат Салюбаев ұйытқы болған. 

Олардың қайырымдылық жобасының арқасында Алматыдан арнайы тренажерлер сатып алынып, ЦСА бар балалар тегін жұмыс жасайтын орталықтарға сыйға тартылған.

Бұл жаттықтырғыштың орнатылуына әрбір үлес, әрбір қолдау жай ғана сан емес. Бұл баланың тірек сезініп, өз-өзіне сенім мен қозғалыс қуанышын сезіну мүмкіндігі. Бұрын тұра алмайтын сәби қадам жасағанда, бей-жай қалу мүмкін емес, – деп атап өтеді «Алға, балапан!» жобасының өкілдері.

«Болашақ» орталығында үй-жайды жалға алып, жаттықтырушының келуіне ақы төлеп, мүмкіндіктер іздейтін керемет аналар тобы жиналған. Осы қамқорлық пен қолдаудың арқасында нағыз жақсылық туындап, бір әрекет біреудің өмірін өзгерте алатынына сенім артады.

«Алтын бата» қорының жобасы облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып жатқанын еске салады.

Қазіргі таңда «Алға, балапан!» жобасы Екібастұз қаласындағы «Ақниет» орталығына арналған жаттықтырғыштарға және Астана қаласындағы «Ерекше аналар» орталығына арналған сенсорлы-динамикалық кешенге қаражат жинауды жалғастыруда.