Павлодарда оқушылардың заңсыз қылықтары үшін ата-аналар жазаланды
Бір бала мектепте жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат айтса, енді біреуі қызғылт бұрышты баллон шашқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Биыл кәмелетке толмағандар тарапынан 48 қылмыс және олардың қатысуымен 97 құқық бұзушылық тіркелді.
– Мысалы, бір мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде оқушы қызғылт бұрышты газ баллон шашқан. Нәтижесінде бөлмеде өткір иіс пайда болып, оқушылар жөтеліп, көздері қызарды. Бөлмеде дүрбелең мен шу пайда болды. Ешкім ауыр жарақат алған жоқ. Кәмелетке толмағанның жеңіл құқықбұзушылық әрекеті бойынша заңды өкіліне әкімшілік іс қозғалып, сотта қаралды. Сотта жасөспірім өз әрекетіне өкінгенін айтып, енді мұндай қадамға бармайтынына уәде етті, – деді облыстық полиция департаментінде.
Тағы бір оқушының ата-анасы ұлының әзілінен шамамен 56 мың теңге көлемінде айыппұл төледі. «102» операторына ұялы телефоннан қоңырау келіп, «мектепте бомба қойылған» деп хабарланған. Полиция қызметкерлері абонент нөмірінің иесін тез анықтады. Әзілқой Павлодар қаласының бір мектебінің 12 жастағы оқушысы болып шықты. Компьютерлік ойын сюжетінен шабыт алған жасөспірім информатика сабағында отырған кезде мектепке полиция мен барлық қызметкерлер келгенде, осылайша «сыныптастарының көңілін көтеру» үшін әрекеттенгені анықталды. Кәмелетке толмаған қылмыстық жауапкершілік жасына жетпегендіктен, оның әрекеті үшін заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері балаларды дұрыс тәрбиелемегені үшін 835 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 159-ы кәмелетке толмаған балалардың қоғамдық орындарда мас күйде болғаны, 47-сі 14-16 жас аралығындағы балалардың ұсақ бұзақылығы үшін.