Павлодардың бірқатар ауданында су уақытша тоқтатылады
Жөндеу жұмыстарына байланысты қаланың солтүстік бөлігі мен өнеркәсіптік аймақтарында су беру режимі бір тәулікке өзгереді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қаңтар күні Торайғыров көшесі, 76 мекенжайында тиекті арматураны ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.
Осыған байланысты, 29 қаңтар күні сағат 9:00-ден 30 қаңтар сағат 9:00-ге дейін келесі мекенжайларда су беру уақытша тоқтатылады:
- Торайғыров көшесі, 76, 76/1;
- Назарбаев даңғылы, 1/1 («Пегас» ЖҚС);
- Орталық өнеркәсіптік аудандағы №393 нысан және «ПТС» Солтүстік желілік ауданы.
Сонымен қатар, жөндеу кезеңінде бірнеше аумақта су қысымының төмендеуі байқалады.
– Бұл шектеулер Орталық және Солтүстік өнеркәсіптік аймақтарға, Жаңауыл кентіне, Радиозауыт, Лесозауыт, Хромзауыт ықшамаудандарына, «Спорт Сити» кешеніне, ЖЭО-2 және ЖЭО-3 станцияларына, ПМХЗ, «Каустик», «Молком», ҚТИЦ, «Кастинг» кәсіпорындарына қатысты. Сондай-ақ «Гелиос» мұнай базасы, Трамвай басқармасы, АвтоЦОН, Орталық өнеркәсіптік аймақтағы №2014 құрылыс нысаны, «Абай» шаруа қожалығы, «Рыбный мир» ПКФ, «Ертіс нан» зауыты, №5512 және №6679 әскери бөлімдері су тапшылығын сезінуі мүмкін, – делінген хабарламада.
Тізімде Хромзаводская көшесі, 10 (өрт сөндіру бөлімі), Батурин көшесі, 4/1 (ЖМЖА), ПНТК, сыра зауыты, балық зауыты, Баян батыр көшесі, 27 мекенжайындағы «Гофротара» (№30 ОБМ), Баян батыр көшесі, 18 («Жаңа Роса») және Торговая көшесінде орналасқан жекеменшік фирмалар бар.
Мамандардың айтуынша, көрсетілген жұмыстар қаланы сумен қамту жүйесін жақсарту мақсатында қолға алынып отыр. Олар уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және тұрғындар мен кәсіпкерлерден қажетті су қорын алдын ала жинап алуды өтінеді.