Павлодарлық ЖОО Қытай университетімен меморандумға қол қойды

Павлодарлық ЖОО Қытай университетімен меморандумға қол қойды
Фото: Торайғыров университетінің баспасөз қызметі

Жаңа келісім студенттер мен ғалымдарға халықаралық жобаларға жол ашады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Toraighyrov University Қытайда өткен ШЫҰ-ға мүше елдердің ауыл шаруашылығы университеттері ректорларының V форумы аясында Northwest A&F University университетімен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

Сонымен қатар павлодарлық жоғары оқу орны Жібек жолы ауыл шаруашылығы білімі және ғылыми инновациялар альянсының құрамына ресми түрде қабылданды.

Университеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, келісім ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінде академиялық ұтқырлықты дамытуға, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, оқытушылар мен студенттердің тәжірибе алмасуына, сондай-ақ халықаралық білім беру жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді.

Жаңа серіктестік қосдипломды білім беру бағдарламаларын дамытуға және университеттің халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуге де ықпал етеді.