Павлодарлықтар ұлттық валютаның қалыптасу жолымен таныса алады

Павлодарлықтар ұлттық валютаның қалыптасу жолымен таныса алады
Фото ашық дереккөзден

Ұлттық валюта күніне орай «Теңге: ұлттық валютаның ерекшеліктері» атты көрме өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Ertis» музейінің мәлімдеуінше, көрменің ашылуы ертең, яғни 10 қараша күні болады.

- Кез-келген мемлекеттің тарихы өз валютасының тарихын қамтиды. Ол тек бір рет енгізіледі және тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі болып табылады. Бұл көрме жерлестеріміз үшін қызықты әрі танымдық ақпараттарға мол болатынына сенімдіміз, - делінген хабарламада.

Көрме Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан алынған ақша белгілері мен монеталар коллекциялары, Павлодар география үйі, В.Столяровтың жеке коллекциясы Ұлы Жібек жолының тарихынан бастап қазіргі заманға дейінгі ақша қатынастарының дамуымен, сондай-ақ Ұлттық валютаның қалыптасу жолымен және эволюциясымен танысуға мүмкіндік береді. 

Айта кетелік, мәдени шара 10 қараша күні, сағат 11.00-де басталады.