16 шілдеде Павлодар облысында жауын-шашынсыз болады

Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, сәрсенбіде жаңбыр жаумайды. Сынап бағанасы +23...+28 °C-ты көрсетеді.
Павлодарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болмақ. Күндіз ауа температурасы +26...+28 °C-қа дейін көтеріледі.