Ерекше қоңырау: Германия азаматы павлодарлық құтқарушыларға алғысын білдірді
Жыл басынан бері 101 пультіне шамамен 34 мың қоңырау түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодарға келген Германия азаматы Кельн қаласының тұрғыны қызметкерлерге жеделдігі, адамдардың өмірлерін құтқарып жатқаны үшін үлкен алғысын білдіру үшін қоңырау шалды.
– Қиын жұмыстарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Қайғылы жағдайдың алдын ала отырып, сіздер өз өмірлеріңізді басқалар үшін жиі қатерге тігесіздер, – деді Германия азаматы өрт сөндірушілерге.
Жыл басынан бері Павлодар облысында шамамен 34 мың қоңырау түскен, оның 176-сы – өрт бойынша хабар, 119-ы – авариялық-құтқару жұмыстары, 1013 факті – жану туралы хабарлама.
Дегенмен, жалған қоңыраулар немесе хабарламалар да кездеседі, адамдар әдейі жаңылыстырып, құтқарушыларды шақырып алады. Бүгінгі күнге дейін осындай төрт жалған қоңырау түскен. Облыстық ТЖД қызметі «қалжыңдайтындар» қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескереді.
Айта кетейік, «101» немесе «112» телефондары арқылы тәулік бойы көмек сұрауға болады.