Есірткіге жол жоқ: Павлодарлықтар марафон жүгіріп, квест ойнайды
Іс-шара халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық ішкі саясат бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 маусым күні сағат 16:00-де Орталық жағалауда «Өзіңнен баста» атты кең ауқымды іс-шара өтеді.
– Басқаларды шабыттандырыңыз! Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні аясында есірткіге жоқ деп айт! – делінген хабарламада.
Шара аясында жеңіл атлетика марафоны, квест ойыны және қала жастарының өнер көрсетуі жоспарланған.