Көлде көліктің астында қалды: Ақсуда әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Полицейлер жол апатының деректерін мәлім етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Ақсу қаласының Сарышығанақ ауылынан бес шақырым жерде «Орловская Ляга» су қоймасының жағасында қол тежегішке қойылмаған Chevrolet Niva маркалы көлік әйелді басып кетті. Соқтығысу нәтижесінде 49 жастағы әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Автокөлік 47 жастағы танысына тиесілі.
– Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды,–деді департаментте.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.