Павлодарда Мәуліт мерекесі аталып өтті
«Мәуліт айы құтты болсын!» рухани кеші Құран оқумен басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметінің мәліметінше, шараны «Әйел-қыздар» секторы ұйымдастырды. ҚМДБ Павлодар обысы бойынша өкіл имамы Жолдас қажы Қоспақұлы жамағатты Мәуліт айымен құттықтап, осы тақырыпта уағыз айты. Сондай-ақ «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Ақерке Тұрғынбай және Мәшһүр Жүсіп мешітінің ұстазы Алмагүл Мерканова Мәуліт айының ерекшелігі туралы мәліметтермен бөлісті.
– Рухани кеште «Әжелер» мектебінің ашылу рәсімі болды. Ұйымның мүшелері таныстырылып, жамағатқа мектептің құрылу мақсаты түсіндірілді. Қажылар қауымдастырғының төрайымы Айжан Апсаттароваға сөз сөйледі. Әжелер шашу шашып, ақ батасын берді, – дейді баспасөз қызметінде.
Мешіт шәкірттері, жастар, мектеп жасындағы оқушылар және «Әжелер» мектебінің мүшелері хормен салауаттар айтты. «Дінім ислам» атты өлеңін тамаша орындап, жиналған жамағаттың жүрегіне жеткізді.
Мешіт шәкірттерінің әзірлеген «Көрші» тақырыбындағы сахналық көрністері де ғибратқа толы болды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өміріне байланысты сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылып, дұрыс жауап берген жамағатқа сыйлықтар берілді. Жиналған барша жамағатқа ақ дастарқан жайылды.