Павлодардың кейбір тұрғын үйлерінде су болмайды

Павлодардың кейбір тұрғын үйлерінде су болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары кешке дейін созылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін қала тұрғының өтініші бойынша келесі мекенжайлар бойынша сумен қамту қызметі тоқтатылады:

  • Жаяу Мұса көшесі, 1 (1-4 подъездер), 4 (№57 балабақша);
  • Н. Назарбаев даңғылы, 204 (9-17 подъездер);
  • М. Мақатаев – Н. Назарбаев – Алма Әжібаева – Баймолдин көшелерінің шекарасындағы жеке үйлер.

Компания уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрап, тұрғындардан суды жинақтауды сұраймыз.