Павлодарлық өнерпаздар XV Ұлттық Дельфийлік ойындарында жеңімпаз атанды
Жарысқа 25 номинация бойынша 8-25 жас аралығындағы 650-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
XV Ұлттық Дельфийлік ойындары алғаш рет Көкшетауда өтті. Бейнелеу, орындаушылық, қолданбалы, ауызша, әлеуметтік, экологиялық өнер түрлерін біріктіретін өнер саласындағы жас мамандардың кешенді жарыстары 20-25 тамыз аралығында SILK WAY creative GAMES шығармашылық жастар форумын өткізу шеңберінде өтті.
Екі күн ішінде қаланың 25 алаңында шығармашылық жарыстар өтті, оның қорытындысы 23 тамызда марапаттау рәсімінде шығарылды. Мерейтойлық он бесінші жастар Дельфийлік ойындарына Павлодар қаласының музыкалық колледж студенттері қатысып, командалық есепте 3 құрметті орынға ие болды.
«Ән айту» бөлімінің жас оқытушысы Әліжан Қазбеков байқауда алтын медальмен жеңіске жетіп, осы күзде халықаралық Дельфийлік ойындарында Қазақстан Республикасының намысын қорғау құқығына ие болды. Республикалық байқаудың жабылу гала-концертінде Әліжан Жаяу Мұсаның «Сұрша қыз» әнін Қ. Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен орындады.