Павлодарлықтар мұғалімдердің нашар жұмысына қайда шағымдана алады?
Педагогтердің жұмысына көңілі толмаған ата-ана қауымы мен оқушылардың өздері белгіленген телефон нөмірлері арқылы хабарласа алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген кезінде ҚР Оқу-ағарту Министрлігі білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова білім беру саласына қатысты бірқатар мәселелер көтерген болатын.
– Биылғы жылы үш ай бойы әр өңірдің әдіскерлерімен жұмыс жасап, нұсқаулық дайындадық. Қазіргі таңда сол нұсқаулықпен сіздер жұмыс жасап жатырсыздар,– деді Майра Мелдебекова.
Енді білім беру саласындағы кез келген бұзушылықтар туралы облыстық департаменттің колл-орталығына 61-82-66, 61-82-75 нөмірлері бойынша хабарлауға болады.
Оның жұмысын жаңадан тағайындалған білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Павлодар облысындағы департаментінің басшысының Гүлнар Үздембаева қадағалайтын болады.