Железин ауданының тұрғындарын уақытша жидектерді термеуге шақырады
Себебі айдың соңына дейін жұлдызқұрттардың дернәсілдерін өңдейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Железин ауданындағы ормандарды жұпталмаған жібек құртының дернәсілінен өңдеу жұмыстары маусымның басында басталды. Осыған дейін орманшылықтың аумағын орман патологтары зерттеді. Сарапшылар бірінші және екінші кезеңдеріндегі жібек құрттары мен құрттардың ерте сатыдағы жұмыртқалардың дамуын анықтады. Өңделетін аумақтың көлемі 16,4 мың га – бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге аз.
Павлодар облысында кездесетін еуропалық жұлдызқұрттар карантиндік түрге жатпаса да, бұл жәндіктер өңдеуге жатады. Былтыр зиянкестердің кесірінен облыста 31 мың гектар зардап шеккен болатын. Сол кезде бұл мәселені шешу үшін орман патологтары төтенше жағдай режимін жариялауды және орман өңдеу үшін қаражат табуды ұсынған еді.
Биыл Михайлов орман шаруашылығында 6,4 мың га, Железин ауданында 4,6 мың га, Тасты орманшылығында бес мыңнан астам га өңделеді. Жоспарға Ертіс ауданындағы жайылмалардың орман орамдары енгізілді.
Өңдеу жұмыстарымен алматылық компания «ЗаРа Гранд» ЖШС айналысатын болады. Аталған жұмыстарды 99,5 миллион теңгеге бағалады.
– «Диурон СК» препаратын қолдану көзделген. Бұл ағаштардағы зиянкестермен күресуге арналған инсектицид. Белсенді зат – дифлубензерон. Препарат адамдар мен жылы қанды жануарлар үшін қауіпсіз, бұл инсектицидтің әсер ету механизмі мен селективтілігіне байланысты, – дейді Железин ауданының әкімі Айтуған Шайхимов.
Ауыл тұрғындарынан өңдеу кезеңінде және одан кейін 6-7 күн ішінде жидек термеуді, ара ұяларын қоймауды, қайың сыпырғыштарын жинамауды, сондай-ақ орманның шетіне мал жаймауды сұрайды.
Орман және жануарлар дүниесін қорғау бойынша Үрлітүб мекемесінің мәліметінше, инсектицидті 15,3 мың га аумағында шашқан. Дизенсекциялық жұмыстарды айдың соңына дейін бітіруді жоспарлап жатыр.
Еске сала кетейік, жұлдызқұрттың дернәсілдері – орман зиянкестері. Ашкөз құрттар қылқан жапырақты және жапырақты өсімдіктердің 300-ге дейін түрін зақымдайды. Егер зардап шеккен өсімдіктер жыл сайын жібек құртының шабуылына ұшыраса, олар біртіндеп әлсіреуі мүмкін.
Фото: ашық дереккөздерден