12 мамырда Павлодар облысында күн салқын болады

12 мамырда Павлодар облысында күн салқын болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күндіз ауа температурасы +11...+16°C шамасында болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 «Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде -1...-6°C аралығында үсік болады. Жаңбыр аралас қар жауады. Күндіз ауа температурасы +11...+16°C шамасында болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр күтіледі.

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін жетеді,

Павлодар қаласында түнде 1-3°C үсік болады. Ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Күндіз +13...+15°C. Құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады.