Ертіс өзенінің жайылмасына табиғатты қорғау үшін Шүлбі су қоймасынан қанша су жіберілді?

Ертіс өзенінің жайылмасына табиғатты қорғау үшін Шүлбі су қоймасынан қанша су жіберілді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанның сағалары мен көлдеріне шамамен 16 млрд текше метр еріген қар суын жіберді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Былтырғы қазан айынан бастап Су ресурстары және ирригация министрлігі су аз болған кезеңдерде толтырылмаған сағалар мен көлдерге 15,7 млрд текше метр еріген қар суын жіберді.

Павлодар облысындағы Ертіс өзенінің жайылмасына табиғатты қорғау үшін Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді. Бұл жұмыстар Ертіс өзенінің жайылмасындағы флора мен фаунаның биологиялық өнімділігі мен тіршілік ету ортасын сақтауға бағытталған.

Бұл жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында министрлік «Қазсушар» филиалдары үшін 757 арнайы техника сатып алуды бастады. Қазіргі таңда 303 техника жеткізіліп, олар каналдарды механикалалық жолмен тазарту және гидротехникалық нысандарды жөндеу жұмыстарына белсенді қолданылып жатыр.