Павлодар облысы пияз алқаптарын ұлғайтты
Өткен жылғы алғашқы тәжірибе жергілікті көкөніс өсірушілер үшін сәтті болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар ауданының әкімі Николай Дычко мәлім етті.
– Биылғы жылы жалпы сыйымдылығы 32,6 мың тонна климаттық режимде реттелетін төрт көкөніс қоймасы салынады, – деді Николай Дычко.
Павлодар ауданы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру бойынша облыста көш бастап тұр. Ол облыстағы жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің 16,8 %, оның ішінде ет өндірісінің 23,3 %, сүттің 15,8 % құрайды.
Төрт айда ауданның ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 10,9 миллиард теңгеге жетті. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға жоғары.
Еске сала кетейік, бұған дейін Николай Дычко Павлодар облысында Ертіс-Успен каналында жүйелі суару қалай қалпына келтіріліп жатқанын айтқан болатын.