Павлодар облысында 40 градусқа дейін аптап ыстық болады
Соңғы рет мұндай ыстық 30 жыл бұрын болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, қатты ыстық апта бойы сақталады.
11 шілде күні күндіз оңтүстік-шығыста аздап жаңбыр жауады. Ауа температурасы +34...+39°C дейін көтеріледі.
12 шілдеде жауын-шашынсыз болады, сынап бағанасы +41°C градусты көрсетеді.
Әсіресе апта ішінде 13 шілдеде солтүстікте +33...+38°C көрсетсе, оңтүстікте және облыстың орталығында +43°C болады.
Жұма күні күндіз батыста, солтүстікте, оңтүстікте аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы +35...+40°C көрсетеді.
Демалыс күндері ыстықтың беті қайтады. Сенбіде +25...+30°C болса, жексенбіде +18...+23°C көрсетеді. Облыстың басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады деп күтіледі.
Айта кетейік, биыл маусым айының бірінші онкүндігінде қатты ыстық болған. Алайда соңғы рет 1992 жылы 14 шілде күні сынап бағанасы +40°C көрсеткен.
Фото: Константин Шелков