Павлодар облысында бес лауазымды тұлға мемлекеттік құқықтық статистиканы бұрмалаған

Павлодар облысында бес лауазымды тұлға мемлекеттік құқықтық статистиканы бұрмалаған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар азаматтардың өтініштеріне тиісті жауап қайтармай, халықтың әл-ауқаты туралы алдамшы әсер қалдырған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жыл сайын әрбір мемлекеттік орган «e-Otinish» платформасында өтініштерді қараудың тиімділігін бағалайды. Орталық мемлекеттік органдар жылдың соңында өздерінің төменгі органдарын жауап сапасы, өтініштерді уақтылы қарау критерийлері сәйкес бағалайды. Ал Құқықтық статистика комитеті және оның аумақтық органдары кемшіліктерді табылған анықтайды. 

– Егер жауаптың мазмұнында сіздің дәлелдеріңіз расталмағаны көрсетлісе, алайда келген SMS-та қолайлы әкімшілік акт қабылданды деп жазылса бұл мемлекеттік құқықтық статистиканың бұрмалануы болып табылады. Яғни, халықтың әл-ауқаты туралы алдамшы әсер қалдырған, – деді ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Павлодар облысы бойынша департаменті өтініштерді бақылау және сараптау бөлімінің бастығы Қуандық Жұмалин.

Оның сөзінше, мемлекеттік органдардан келген толық емес, қанағаттындырылмайтын жауаптар халықтың әл-ауқаты туралы алдамшы әсер қалдырды. Биыл бес лауазымды тұлғаға мемлекеттік құқықтық статистиканы бұрмалағаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 

Мысалы, жуырда «e-Otinish» арқылы өтініш беруші спорт саласына қатысты бірнеше спорттық ғимараттарды орналастыру сұрағы бойынша толық жауап ала алмай, кері байланыссыз қалғандай болды. Уәкілетті орган мәселеге көз жұма қарады да, қолайлы әкімшілік акт қабылдады. Өтініш беруші Құқықтық статистикаға жүгініп, мәселені қолға алуды сұрады. Тексеру бойынша дәлелдер расталып, бөлімшенің басшысы ӘҚБтК-нің 498-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.