Павлодарда үздік балалар театр ұжымдары анықталды

Павлодарда үздік балалар театр ұжымдары анықталды
Фото: Павлодар қалалық білім беру бөлімі

Ж. Тәшенев атындағы мектепте «Театрдың ғажайып әлемі» республикалық театр өнері фестиваль-конкурсының қалалық кезеңі өтті, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Шараны ұйымдастырушы  – «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы.

– Байқауға № 2, 11,15, 17, 35, 40, М. Әлімбаев атындағы, М. Жүсіп атындағы, С. Торайғыров атындағы, М. Әуезов атындағы, Кенжекөл ЖОМ № 11 жалпы білім беретін мектептің 105 оқушысы қатысты. Байқауға қатысушылар драмалық, музыкалық, қуыршақ спектакльдерін, әдеби-музыкалық композицияларды көрсетті, – дейді қалалық білім беру бөлімінде. 

«Драмалық спектакль» номинациясы бойынша І орынды С. Торайғыров атындағы мектептің «Домовята» театр ұжымы иеленді. Олар Н. Носовтың «Данно және оның достары» ертегісінен аяқталған үзінді ұсынды. Спектакльге 1-9-сынып оқушылары қатысты. 

 «Музыкалық спектакль» номинациясы бойынша І орынға «Бедный  джентельмен» үшін  № 17 мектептің «Драм studio» театр ұжымы, «Әдеби-музыкалық композиция» номинациясында  жас жазушы азамат Әбілқайырдың «Ренжіскен кітап пен адамды смартфон қалай татуластырды» ертегісімен № 35 мектептің «Айналайын» театр ұжымы ие болды.  

«Қуыршақ спектаклі» номинациясында № 15 мектептің «Теремок» театр ұжымы «Рукавичка» өлеңіндегі орыс ертегісі үшін марапатталды. 

Шығармашылық ұжымдар Павлодар қаласы білім бөлімінің түрлі деңгейдегі дипломдарымен марапатталды.