Павлодарда Тәуелсіздік күніне арналған кітап-иллюстрациялық көрме ашылды

Павлодарда Тәуелсіздік күніне арналған кітап-иллюстрациялық көрме ашылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көрмеге 100-ге жуық кітап қойылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Желтоқсан – тәуелсіздік рухы» атты кітап- иллюстрациялық көрмесі ұйымдастырылды.

Ол Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. Көрмедегі кітап басылымдарында тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы алдындағы қайғылы оқиғалар мен желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдар туралы баяндалады.

Көрменің бірінші бөлімі бір ғасыр бұрын қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаған «Алаш» қайраткерлеріне арналған. Екінші бөлім 1986 жылғы 16 желтоқсандағы қайғылы оқиғаны көрсетеді. 1986 жылғы саяси оқиғалар Қазақстан халқының тағдырында бетбұрыс болды, Қазақстанның саяси және экономикалық жүйесін реформалауға ықпал етті.

Үшінші бөлім тәуелсіздіктің қалыптасуына арналады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан өз тарихының жаңа беттерін ашты. Көпұлтты қоғамдағы бейбітшілік пен келісім қазіргі қазақстандық шынайылықтың басты өзегін құрайды.