Павлодарлықтар кітапханаға ерекше кітаптарды сыйлай алады

Павлодарлықтар кітапханаға ерекше кітаптарды сыйлай алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Кітапхана балаларға арналған кітаптарды, энциклопедиялар мен танымдық басылымдарды  қабылдайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

С.Торайғыров атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы дәстүрлі «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын ұйымдастыруда. 

– Егер сіздердің қолдарыңызда жақсы сақталған, қызықты әрі танымдық кітаптар болса, оларды кітапхана қорына сыйға тарта аласыздар. Сіз сыйлаған әрбір кітап өзге оқырмандарға қуаныш пен пайдалы білім сыйлайтынын ұмытпаңыз. Сыйға берілген кітап бұл балалар мен ересектер үшін қуаныш, жаңа білім көзі, кітап оқуға деген қызығушылықты арттырады, – дейді ұйымдастырушылар.

Кітапхана қорына көркем әдебиеттер, балаларға арналған кітаптар, энциклопедиялар мен танымдық басылымдар сыйлауға болады. Тек кітаптар жақсы жағдайда болуы шарт.

– Былтыр 1 айға ұйымдастырылған  акция барысында кітапхана қорына 200-ден астам кітап сыйға тартылды. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана өз қорын Ілияс Есенберлиннің «Алтын орда», Амангелді Елтиннің «Қызылжар – қазақтың киелі мекені», Сәния Шавалиеваның «Сары баға», «Мектепке дейінгі балаларға арналған энциклопедиясымен» және тағы басқа кітаптармен толықтырды, – дейді кітапхананың қорларды қалыптастыру бөлімінің жетекшісі Марина Гончарова.

Бұдан бөлек, акцияны қолдап, алғашқылардың бірі болып, отставкадағы полковник Д.С. Баймұхамбетов «Серт» атты қазақ детективтер жинағын ұсынса, ең кіші оқырмандар үшін С.Сұлтанов 20-дан астам балаларға аранлған кітапты сыйға тартқан.  

Еске сала кетейік, аталмыш акция 14 ақпан күні өтеді.