Вице-министр: Онкологияның алдын алу үшін скринингтерді сапалы жүргізу керек

Вице-министр: Онкологияның алдын алу үшін скринингтерді сапалы жүргізу керек
Фото: облыстық денсаудық сақтау басқармасынан

Павлодар облысына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өңірдегі онкологиялық орталыққа кезектің ұзындығына байланысты вице-министр онкологиялық бейіндегі мамандардың ставкаларын ұлғайту пысықталуда ма екені жайлы сұраққа жауап берді. 

Ол жалпы онкологиялық аурулар бірінші орындағы мәселелердің бірі және бұл проблемаларды шешуді екі бағытта жүргізу керектігін атап өтті.

– Біріншіден, онколог мамандардан жүктемені алып тастау қажет. Ең қарапайым шешім: штатты ұлғайтып, екі маман тауып, екі жабдықпен қамтамасыз етіп, мәселені сол арқылы шешуіміз керек. Бірақ жаһандық деңгейде бұл мәселенің шешімі емес. Себебі, онкологияның өзі шұғыл профиль емес. Шұғыл онкология науқас үшінші кезеңге, метастаздармен төртінші кезеңге жеткенде және қандай да бір асқыну пайда болған кезде пайда болады. Сондықтан біз мемлекет кепілдік беретін скринингтерді өте сапалы жүргізу керек. Егер біз барлық бағыттар бойынша осы декреттелген жас контингентін қамти отырып, тиісті деңгейде скринингтер жүргізетін болсақ, бізде химиотерапевт немесе ультрадыбыстық диагностика немесе басқа онкологиялық мамандықтар бойынша кезек болмайды, – деді Тимур Мұратов.

Оның айтуынша, сол себепті скринингпен қамту бөлігінде жұмысты күшейтіп жатыр. Бұған жақсы қаражат бөлінеді. Яғни, қатерлі ісіктің кең таралған бірнеше түрі ғана бар және оларды бірден анықтауға болады. Мысалы,  колоректальды қатерлі ісік немесе сүт безі қатерлі ісігін аурудың 1, 2-сатысында диагноз қойылған жағдайда емдеуге болады. 

– Ал 1, 2-саты дегеніміз не? Бұл сатыда науқас хирургиялық ем алады, сәулелік терапияға түспей, кішкене ғана химиотерапия алауы мүмкін. Тек бақылау жүргізілуде. Тіпті, бес жылдан кейін біз оны есептен де алып тастаймыз. Осындай жағдайға қол жеткізуіміз керек. Бұл ретте, қоғаммен бірге үлкен жұмыс жасауымыз қажет. Бұл дәрігерлер мен денсаулық сақтау жүйесінің қолында ғана емес. Барлық адамдар  әр жасқа арналған скринингтер бар екенін жақындарына түсіндіріп, бұл туралы тіпті жиналыстарда, іс-шараларда айтып отырса, қандай да бір нәтижеге қол жеткізе алар едік. Оның үстіне бұл процедуралар тегін жасалады, –  деді вице-министр. 

Скринингпен қамту сапасы әлі 100 пайыз емес.  Себебі кейбір өткізіп жіберу фактілері бар. Ақ халатты екі немесе бір жыл бұрын скринингтен өтіп, оның қатерлі ісікке шалдыққанын көруге болатын уақытты өткізіп алып келіп тұрған науқасты көрген кезде ішін ашитынын алға тартты.  

– Дәрігер ауруларды емдейді, бірақ денсаулықты әр адам өзі қадағалауы керек. Әр адам өзінің өмірі өз қолында екенін түсінуі керек. Бұл үшін мемлекет МӘМС аясында тегін скрининг жасады. Бұл үшін ештеңе төлеудің қажеті жоқ. Сіз өзіңіздің емханаңызға скринингке жазылуға келуіңіз керек. Бұл үшін олардың көпшілігінде бөлек штат бар. Бірнеше талдау, бірнеше зерттеулер жүргізеді. Біз бұл азаматтың жақын арада қатерлі ісікке шалдығуы мүмкін емес екенін білетін боламыз. Немесе бірінші-екінші сатыда анықтап, оны емдеу үшін өте шұғыл шаралар қабылданып, өмірін сақтап қалуға болады, – деді дәрігер. 

Тимур Мұратов скринингтер санын көбейту немесе басқа аурулар бойынша тізімді кеңейту бойынша да ойын білдірді. Оның айтуынша, әзірге бар скринингтерді сапалы түрде орындалуын қамтамасыз етіп алу керек.