Павлодар облысының ауыл кәсіпкерлерін не толғандырады?
Ертіс ауданының «Open Ertis» кеңсесінде бизнес өкілдері үшін мемлекеттік органдардың «Ашық есік күні» ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Іс-шараға Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Ертіс аудандық филиалы қатысты.
– Жиында жалпыға бірдей декларациялауға байланысты сұрақтар қойылды. Бұл ретте, 2024 жылы барлық кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары белгіленген нысанда 250 декларация тапсыруы тиіс екенін еске салдым, – деді «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы Ертіс филиалының директоры Талапкер Қасымов.
«Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алу мүмкіндігіне де жергілікті бизнес өкілдері қызығушылық танытады. Мемлекеттік қолдаудың осы жүйесі бойынша қаражат алу шарттары кәсіпкерлерге түсіндірілді.
Павлодар өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов бизнеспен тікелей «Атамекен» палатасымен немесе жергілікті атқарушы органдар арқылы кез келген кері байланыс маңызды екенін атап өтті. Бұл –ауылдық және қалалық кәсіпкерлердің проблемалары мен жетістіктерін білуге мүмкіндік береді.