7 қазанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

7 қазанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, сейсенбіде ауа температурасы +2...+7 °C болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында қар аралас жаңбыр күтіледі.

Павлодарда сынап бағанасы күндіз +4...+6 °C-ты көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады.