Асайын Байханов: Амал күні – бір-бірімізге ризашылық білдіретін ерекше күн

14 наурыз күні Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Алғашқы күні Амал мерекесі (көрісу) тойланады. Бұл – Наурыз мейрамының бастауы.
Облыс әкімі Асайын Байханов Наурыз мерекесінің бастауы, көктемгі жаңару мен халық бірлігінің символы – Амал күнімен құттықтады.
– Бұл күнді туыстарымен және жақындарымен өткізу, аға буыннан бата алу – терең тарихы мен ерекше мағынасы бар дәстүр. Бұл мереке – ел ішінде өзара құрмет пен жанашырлықты дәріптейтін, бір-бірімізге ризашылық білдіретін ерекше күн, – деп жазды аймақ басшысы әлеуметтік желіде.
Облыс әкімі мерейлі мерекеде әр үйге жақсылық пен бақыт, рухани жылулық пен жайлылық, мықты денсаулық, амандық пен бақ-береке тіледі.