Ақсуда үй баспалдағында ұйықтап жатқан мас тұрғын ақшасынан айырылды

Ақсуда үй баспалдағында ұйықтап жатқан мас тұрғын ақшасынан айырылды
Фото:pixabay.com

Полицейлер құқық бұзушыға айыппұл салды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қамзин көшесіндегі үйдің тұрғыны кіреберістегі бірінші қабат алаңында  жатқан адамнан өткір иіс шығып жатқанына шағымданған. 

– Шақыру орнына келген полиция қызметкерлері баспалдақта ұйықтап жатқан адамды тапты. Мас болу дәрежесін анықтау үшін ер адам уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, ол орташа дәрежеде мас болғаны анықталды, – деді Ақсу қаласы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Айдар Сламбеков.

Қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін ер адамға әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 5 АЕК мөлшерінде, яғни 18 460 теңгеге айыппұл салынды. Ақсуда жыл басынан бері осындай бұзушылықтар үшін 1079 азамат жазаланды.